Түркия-Германия қарым-қатынасы маңызды

Зейбекчи «Түркия мен Германия қарым-қатынастарының жақсаруы екі ел үшін де пайдалы» деді.

774941
Түркия-Германия қарым-қатынасы маңызды

Зейбекчи «Түркия мен Германия қарым-қатынастарының жақсаруы екі ел үшін де пайдалы» деді.

Экономика министрі Нихат Зейбекчи орынсыз пайымдаулар Түркияның Германиямен болған экономикалық қарым-қатынастарына ықпал жасамайтынын айтты.

Зейбекчи жазбаша мәлімдеме жасады. Министр мәлімдемесінде «Германия мемлекетіміздің ең маңызды сыртқы сауда және инвестиция ортақтарының бірі. Мысалы, Түркияның осы таңға дейін Германиямен экономикалық байланысы өте жақсы деңгейде болды. Алайда Германия үкіметі тарапынан жасалған орынсыз мәлімдемелер бізді ренжітті» деген сөздер қолданды.

Түркияның демократиялық және халықаралық стандартқа үйлесімді бір құқық мемлекеті екенін түсіндірген Зейбекчи «Куәлігі қайсы мемлекетке тиесілі болса болсын, Түркияда инвестиция салғандарды өз азаматымыз ретінде қараймыз. Осы елдің күші мен потенциалына сеніп инвестиция салғандарға алғыс айтамыз. Осы таңда мемлекетімізде жұмыс істеген 7000-ға тарта неміс фирмасы бар» деді.

Зейбекчи «Түркия мен Германия қарым-қатынастарының жақсаруы екі ел үшін де пайдалы» деді. 



Ұқсас жаңалықтар