Президент Ердоған BBC-ге сұхбат берді

«Егер Еуроодақ қабылдамайтынын ашық түрде айтатын болса, Түркияда тынышталар».

769011
Президент Ердоған BBC-ге сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақтың (ЕО) Түркияның уақытын ұрлағанын атап, «Егер Еуроодақ қабылдамайтынын ашық түрде айтатын болса, Түркия да тынышталар» деді.

Президент Ердоған ағылшын трансляция мекемесі BBC-ге сұхбат берді.

Ердоған Түркияның өз бағытын белгілей алатынын атап «Біз уәделерімізді орындадық. Егер Еуроодақ ашық түрде ‘Түркияны қабылдай алмаймыз’ десе, бұл бізді тыныштандырады. Біз өз жоспарларымызды ары қарай іске қосамыз» деді.

Премьер-министрлігінің алғашқы кезеңінде Еуроодақ басшылар саммиттерінде Түркияның үнсіз төңкеріс жүзеге асырған бір ел ретінде аталғанын айтқан Ердоған «Қазір сол Еуроодақ тек қана бізді басшылар саммитіне шақырмаумен шектелмей, уақытымызды да жоғалтып отыр. Қазіргі жағдай осы» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік азаматтарының көпшілігінің ‘Еуроодаққа мүшелікті қаламағанын', Еуроодақтың Түркияға қарсы ұстанымының шынайы еместігін ойлағанын атап көрсетті.

14 шілде күні «BBC World News»-де толық жарияланатын сұхбатында Ердоған «Осыған қарамастан біз тағы қысқа бір уақытқа Еуроодаққа шынайылығымызды жалғастырамыз. Бұл бізге пайда әкеле ме, көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар