Мосул қаласы ДАИШ-тен тазаланды

Түркия Ирактың Мосул қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына үлес қосуға дайын.

767779
Мосул қаласы ДАИШ-тен тазаланды

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Бұрын болғандай, ДАИШ-тен кейінгі кезеңде де Мосул халқына қолдауымыз жалғасады» делінді.

Мәлімдемеде Мосулды қайта қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екендігі білдірілді.

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулдың кеше террор ұйымы ДАИШ-тен толығымен азат етілгені жарияланған еді.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади болса Мосулда ДАИШ-ке қарсы жеңіске жеткен қауіпсіздік күштері мен Ирак халқын құттықтаған болатын.

Мосул 2014 жылы маусым айынан бері ДАИШ террор ұйымының бақылауында еді.



Ұқсас жаңалықтар