Катар Қорғаныс министрі Түркияға келеді

Катарлық министр Анкарада Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышыкпен бас қосады.

761360
Катар Қорғаныс министрі Түркияға келеді

Қатар Қорғаныс министрі Халид ибн-Мұхаммед әл-Атиййе ертең (30.06.2017) Түркияға келеді.

Кездесуде Катардағы түрік әскери базасының жағдайы мен Шығанақ елдері дағдарысы ауқымды түрде қолға алынады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Катарда түрік әскери базасының ашылуымен байланысты келісімді айдың басында бекітіп, өткен апта елге 23 әскери қызметкер мен 5 сауытты көлік жіберген болатын.

Сауд Арабиясынан бастап, Шығанақ елдері 5 маусым күні дипломатиялық ынтымақтастығын үзіп, санкция шешімі қабылдағандары Катарға 13 баптан тұратын талаптар тізімі ұсынған еді.

Талаптар арасында Катардағы Түрік әскери базасының жабылуы да бар болатын.



Ұқсас жаңалықтар