Фикри Ышык АҚШ қорғаныс министрі Мэттиспен кездесті

Фикри Ышык Брюссельде АҚШ қорғаныс министрі Мэттиспен кездесті.

761104
Фикри Ышык АҚШ қорғаныс министрі Мэттиспен кездесті

Фикри Ышык Брюссельде АҚШ қорғаныс министрі Мэттиспен кездесті.

Америка Қүрама Штаттары қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы  PYD және YPG-мен қарым-қатынастарының «Таңдау емес, мәжбүрлік  бір жағдай» деді.

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык НАТО қорғаныс министрлері жиналысы үшін Бельгияның астанасы Брюссельге барды. Ышык Брюссельде АҚШ қорғаныс министрі Мэттиспен кездесті.

Кездесуде бөлшектеуші террор ПКК-ның Сириядағы жалғасты қолы PYD және YPG-ге берген қарулары үшін Түркияға өткен апта жіберілген хаттың мазмұнын қолға алды.

Министр Ышык кездесуде АҚШ-тың Сирияда террор ұйымы PYD және YPG-мен қарым-қатынастарынан Түркияның мазасыз болғанын тағы бір рет әріптесіне жеткізді. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис те бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы  PYD және YPG-мен қарым-қатынастарының таңдау емес, мәжбүрлік бір жағдай екенін айтты.

Катар тақырыбында болса мәселенің осы елдің егемендік құқықтары аясында диалог арқылы шешілуі керектігі жөнінде бірдей көзқараста болды.

 



Ұқсас жаңалықтар