Президент Ердоған депутаттардың ауызашар бағдарламасына қатысты

Президент Ердоған демократияны күшейтетін барлық ұсыныстарды назарға алу керектігін атап көрсетті.

753024
Президент Ердоған депутаттардың ауызашар бағдарламасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған демократияны күшейтетін барлық ұсыныстарды назарға алу керектігін атап көрсетті.

Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) бұрын қызмет еткен және қазір міндет атқарып жатқан депутаттарға берілген ауызашар бағдарламасына қатысты.

Түркия тарихының ең маңызды басқару реформасының 16 сәуір күнгі бүкілхалықтық референдумда халықтың қалауымен атазаңға өзгеріс енгізілгенін атап көрсеткен Ердоған бұл реформаның ең маңызды ерекшелігінің заң шығару және атқару органдары арасындағы айырмашылықты ашық түрде ортаға қойғанын мәлімдеді.

Алдағы кезеңде жаңа жүйеге дайындық ретінде реттеу заңдарының шығарылуы және сайлау заңында жаппай өзгеріс жасалу керектігін атап айтқан Ердоған «Депутаттар мен сайлаушылар арасындағы ынтымақтастықты күшейту үшін тар немесе қысқартылған сайлау аймақтары баламаларынан бастап, демократиямызды күшейтетін барлық ұсыныстарды назарға алуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар