Террормен күрес табанды түрде жалғасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык екі жылда 10 мың  657 террористтің өлтірілгенін айтты.

750551
Террормен күрес табанды түрде жалғасады

Фикри Ышык Құрлық күштері қолбасшысы генерал Салих Чолакпен бірге кеше Килисте Чылдыроба әскери базасында тексеру жасады және Арнайы күштер қолбасшылығы орталығында жауапты қызметкерлерден мағлұмат алды. Министр Ышык пен генерал Чолак одан кейін тікұшақпен Шәйіт летенант Фуркан Яйла әскери базасына барып, әскерлермен ауызашарда бас қосты.

Министр Ышык ауызашардан кейін сөйлеген сөзінде «Сендер Евфрат қалқаны операциясын табыспен атқарған батырсыңдар. Евфрат қалқаны операциясы барысында 67 ұлан шәйіт болды. Шәйіттеріміздің жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын» деді.

Қорғаныс министрі Ышык Түркияның бір жағынан террор ұйымы ПКК-мен айналысқанын білдіріп, «35 күрес тарихының ең табысты кезеңіндеміз. 2015 жылы 23 шілде күнінен осы таңға мөлшермен екі жылда өлтірілген террорист саны 10 мың  657. Бұл үлкен табыс. Террормен күресімізді табанды түрде жалғастырамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар