Габон Сыртқы істер министрі Анкарада болды

Түркияның Африка бастамасы ортақтық саясатына айналды.

742729
Габон Сыртқы істер министрі Анкарада болды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Африка бастамасының ортақтық саясатына айналғанын айтты.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Анкараға келген Габон Сыртқы істер министрі Паком Мубелет Боубеямен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Министр Габонның Африкада Түркияның ең маңызды серіктерінің бірі екенін айтып: «Негізінде Африка бастамасы ортақтық саясатына айналды.  Африкамен ынтымақтастығымыз күн сайын нығайып келеді.  Байланыс күшейіп, инвестициялар, гуманитарлық және даму көмектері артуда» деді.

Түрік Әуе жолдарының Африка құрлығында 51 қалаға ұшқанын білдірген Чавушоғлу гуманитарлық және даму көмектерінің жетуі үшін Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасының 16 кеңсе құрғанын айтты.

Түркияның Габонмен ерекше ұйымшылдығы бар екенін айтып: «15 шілде төңкеріс бастамасынан кейін Фетуллахшы террор ұйымына қарсы қадам басқан алғашқы елдердің бірі болды.  Фетуллахшы террор ұйымының мектептерін Ағарту фондына тапсырды. Енді Ағарту фонды осында мектептерді басқарып отыр» деді.

Қонақ министр Боубея 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне тоқталып: «Габон оқиғаны айыптады және бұл террор шабуылдары қабылданбайды» деді.

Екі ел арасында керемет деңгейде жалғасып келе жатқан саяси қатынастардың экономикалық деңгейде де нығаюының жауапкершілігінің өзі мен министр Чавушоғлунда екенін атап көрсеткен қонақ министр Габонға түрік фирмаларының көптеп келуін сұрады.

Артынан екі ел арасында мұрағат саласында хаттамаға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар