Ағры, Хаккари және Метинада барлығы 37 террорист өлтірілді

Ағрыда Жандармерия арнайы жасақтары тарапынан ПКК террор ұйымына бағытталған операцияда 29 террорист өлтірілді.

739629
Ағры, Хаккари және Метинада барлығы 37 террорист өлтірілді

Ағрыда Жандармерия арнайы жасақтары тарапынан ПКК террор ұйымына бағытталған операцияда 29 террорист өлтірілді.

Ванның Тендүрек ауылдық аймағында террористтер жолды жауып көліктерді өртеген соң операция бастаған болатын. Террористтердің ізіне түскен кезде шыққан қақтығыста 3 әскер мен 1 қарауыл шәйіт болып, 4 әскер жарақат алған болатын.

Қақтығыстың артынан қауіпсіздік күштері қайтадан террористік топтың ізіне түсті.

Жандармерия арнайы жасақтары ПКК-лық 29 террористті өлтірді.

Хаккаридің Шемдинли ауданы Кочтепе аймағындағы операцияларда да террористтермен қақтығыс шықты.

Шыққан қақтығыста 1 әскер шәйіт болды, 2 террорист өлтірілді.

Солтүстік Ирактағы Метина аймағына жасалған әуе операциясында болса шабуыл дайындығы жасаған 6 террорист өлтірілді.

Осылайша Ағры, Хаккари және Солтүстік Иракта барлығы 37 террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар