Йылдырым мен Медведев Стамбұлда бас қосты

Екі басшы екі жақты сауда-саттық шектеулерді жою жөніндегі декларацияға қол қою рәсіміне қатысты.

736842
Йылдырым мен Медведев Стамбұлда бас қосты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымының 25 жылдығына орай Стамбұлда ұйымдастырылған саммит аясында Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бас қосты.

Медведев пен Йылдырым журналисттердің алдында қол алысып фотосуретке түскен соң баспасөзге жабық оңаша кездесті.

Екі басшы кейін Түркия мен Ресей арасындағы сауда-саттық кедергілерді жою үшін жарияланған декларацияға қол қою рәсіміне қатысты.

Декларацияға вице-премьер Мехмет Шимшек пен саммит аясында Стамбұлға келген орыс әріптесі Аркадий Дворкович қол қойды.

Декларация екі жақты жасалған сауда шектеулерін жоюды нысанаға алады.

Сауда-саттық шектеулерді екі жақты жою жөніндегі саяси шешімді президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей мемлекет басшысы Владимир Путин Сочиде 3 мамыр күні болып өткен кездесуде қабылданған болатын.

Медведев пен Йылдырым мұның алдында соңғы рет желтоқсан айында Ресейдің бас қаласы Мәскеуде бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар