Президент Ердоған АҚШ-тың шешіміне наразылық көрсетті

"Сирия мен Иракта кезкелген жаңалық біз үшін тікелей ұлттық қауіпсіздік мәселесі".

730005
Президент Ердоған АҚШ-тың шешіміне наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік қарулы күштерінің Сирияда жүргізген Евфрат қалқаны операциясының ДАИШ террор ұйымына қарсы күресте басқа бір террор ұйымына қажеттілік жоқ екенін дәлелдегенін атап айтты.

Президент Ердоған ресми сапар аясында Түркияға келген Сиера Леоне президенті Эрнест Бай Коромамен ортақ ұйымдастырған баспасөз жиналысында АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG-ге ауыр қару жәрдемі шешімімен байланысты «Сирия мен Иракта кезкелген жаңалық біз үшін тікелей ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Одақтастарымыздың террор ұйымы орнына бізбен бірге қозғалуына сенгіміз келеді» деді.

Террор ұйымы ДАИШ-пен күрестің тағы бір террор ұйымымен жалғастырыла алмайтынын атап көрсеткен президент тақырыппен байланысты Түркияның уайымдарын, 16 мамыр күні АҚШ-қа ұйымдастыратын ресми сапар барысында президент Дональд Трампқа және артынан Брюссельдегі саммитте күн тәртіпке әкелетінін атап көрсетті.

«Бұрын басылған қате қадамдардың Сирияны бұл күйге келтіргені ашық түрде ортада» деген Режеп Тайып Ердоған «Сирияның бөлшектенуіне қарсы екенімізді әрқашан айтып отырдық. Бұдан кейінгі кезеңде бұған ақылмен қозғалып шешім табуды жақтағанымызды айтқым келеді. Қателіктен тез арада кері қайтуларын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар