Йылдырым мен Мэй Лондонда басқосты

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен оңаша кездесті.

730316
Йылдырым мен Мэй Лондонда басқосты

Ұлыбритания және Біріккен Ұлттар Ұйымы қонақжайлығында ұйымдастырылған Сомали конференциясы аясында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Ланчестер Хаустағы (Lancaster House) жерінде жүзеге асқан кездесуде дос және одақтас Ұлыбританиямен соңғы кезеңде одан көп артқан екі жақты ынтымақтастық қолға алынды.

Премьер-министрлік ақпарат көздеріне қарағанда екі елдің ортақ күн тәртібіндегі аймақтық және халықаралық тақырыптар қолға алынған кездесуде премьер-министр Йылдырым Ұлыбританияда 8 маусым күні болып өтетін сайлауға орай Мэйге табыс тіледі.

Ұлыбритания премьер-министрі Мэй болса премьер-министр Йылдырымға Лондонда ұйымдастырылған конференцияға жоғары деңгейде қатысқаны үшін алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар