Йылдырым Лондонға барады
Премьер-министр Сомали конференциясына қатысады.
Премьер-министр Бинали Йылдырым 10-12 мамыр күндері Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда өтетін Сомали тақырыпты жоғары деңгейдегі конференцияға қатысады.
Сомали билігі мен Түркияны да қосқанда халықаралық серіктердің қатысуымен ұйымдастырылатын конференцияда 2017-2020 жылдарды қамтитын жаңа кезеңде Сомали билігінен күтілетіндер, халықаралық қоғамның Сомалиге берген уәделері қаралып, болашаққа бағытталған шешімдер қабылданады.
Премьер-министр Лондонда екі жақты кездесулер өткізеді. Баспасөз өкілдері және бизнес әлемінің өкілдерімен бас қосады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.