АҚШ сапарына дайындық

Президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ сапары қарсаңында дайындықтар жылдамдады.

726496
АҚШ сапарына дайындық

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Америка Құрама Штаттарына сапары қарсаңында дайындықтар жылдамдады.

Ердоғанның сапары қарсаңында Штаб-пәтер басшысы, армия генералы Хулуси Акар, Президенттік аппараттың бас хатшысының орынбасары Ибрахим Калын және Ұлттық Барлау қызметінің кеңесшісі Хакан Фидан АҚШ-қа аттанып кетті.

15-17 мамыр аралығына жоспарланған АҚШ сапары қарсаңында лауазым иелері кездесу өткізіп, дайындық жұмыстарын атқарады.

Президент Ердоғанның АҚШ президенті Дональд Трамппен алғашқы оңаша кездесуінде аймақтық және халықаралық тақырыптарды қолға алуы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар