Заңсыз жолмен Еуропаға өтуге әрекет жасаған 78 адам ұсталды

Босқындар тергеу жұмыстарының артынан Қалалық көш басқармасына өткізілмек.

715402
Заңсыз жолмен Еуропаға өтуге әрекет жасаған 78 адам ұсталды

Измирдің Чешме ауданында заңсыз жолмен шетелге шығуға дайындалған шетел азаматы 78 адам ұсталды. Ұйымдастырушы екендері алға тартылған 11 күдікті тергеуге алынды.

Измир Жандармерия қолбасшылығы топтары заңсыз көштің алдын алуға бағытталған жұмыстар аясында неміс демалыс ауылы маңында 7 күдікті көлікті тоқтатты.

Көліктердегі тексерулерде заңсыз жолдан грек аралдарына баруға дайындалған сириялық 32 босқын ұсталды.

Заңсыз жолмен босқындарды өткізгені алға тартылған 9 күдікті тергеуге алынды.

15 сәуір күнгі хабарлаудың артынан Ылдыр аумағы Кираз мүйісі маңында жасалған іздестіру жұмыстарында болса заңсыз жолмен шетелге шығуға дайындалған 43, Конго текті 3 босқын ұсталды.

Ұсталған шетелдіктер тергеу жұмыстарының артынан Қалалық көш басқармасына өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар