Йылдырым Дмитрий Медведевке көңіл айтты
Ресейдегі жарылыс оқиғасына орай Бинали Йылдырым Дмитрий Медведевке көңіл айтты.
Ресейдегі жарылыс оқиғасына орай Бинали Йылдырым Дмитрий Медведевке көңіл айтты.
Кеше Ресейдің Санкт-Петербург қаласында екі метро стансасында болған жарылыста алғашқы анықтауларға қарағанда 10 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды. Осы аянышты оқиғаға орай премьер-министр Бинали Йылдырым Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке көңіл айтты.
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавукшоғлұ да Ресейдегі террор шабуылдарымен байланысты әрқандай бір түрік азаматының қайтыс болғаны және жараланғаны жайлы бір мағлұматтың болмағанын айтты.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында екі метро стансасында ұйымдастырылған террор шабуылы барысында Ресей президенті Владимир Путин де Санкт-Петербург қаласында қонағы болған Белорус президенті Александр Лукашенкомен кездесу өткізіп жатқан болатын.
Бұл туралы Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитеті Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метродағы лаңкестіктен қаза тапқандардың санының 11 адамға жеткенін және тағы 45 кісінің жараланғанын мәлімдеген.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.