Вице-премьер күн тәртібін бағалады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш ТРТ Хабер арнасында арнайы тікелей эфирге қатысты.

702866
Вице-премьер күн тәртібін бағалады

Вице-премьер Нуман Куртулмуш АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Анкара сапары барысында Түркияның қауіпсіздігіне мән бергендерін жеткізгенін атап көрсетті.

ТРТ Хабер арнасында арнайы тікелей эфирге қатысқан Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беру тақырыбындағы көзқарастардың АҚШ-қа жеткізілгенін атап, «Фетуллах Гүленнің Канадаға және Оңтүстік Африкаға қашатыны жөнінде ақпарат бар» деп бағалау жасады.

Неміс барлау ұйымы (BND) басшысының «Төңкерістің ФЕТӨ-нің жоспарлағанына көнбедік» деген сөздеріне наразылық көрсеткен Нуман Куртулмуш «Құдай үшін көнуіңіз үшін шәйіт болған 250 адам жеткіліксіз бе екен, әлде 250 мың шәйіт керек пе еді?» деді.

Сирия тақырыбында болса майданда күн сайын алдынғы қатарлы тақырыптардың өзгергенін атап көрсеткен Куртулмуш «Сирияның солтүстігінде бір террор мемлекетінің құрылуының алдын алу керек». Евфрат қалқанының алдынғы мақсаты Сирияның шекара тұтастығын қорғау. Екіншіден Түркияға сол аймақтан келетін қауіптерді азайту. Үшіншіден болса аймақты қауіпсіздендіріп, аймақ халқының үйлеріне оралуын қамтамасыз ету. Сирияда әрі майдан да, әрі үстел де болуға тиістіміз.

Куртулмуш қажет жағдайда аймаққа жаңа бір операция бастала алатынын да тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар