Түркия Ресейге наразылық көрсетті

Түркия Анкарадағы орыс сенімді өкіліне Сирияда PYD/PKK террористтерімен бірге түскен фотосуреттердің қабылданбағанын білдірді.

698196
Түркия Ресейге наразылық көрсетті

Түркия Анкарадағы орыс сенімді өкіліне әлеуметтік медиада орын алған және орыс әскерлерінің Сириядағы PYD/PKK террористтерімен бірге түсірілген фотосуреттерінің қабылданбағанын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Сирияда террор ұйымы PYD/PKK басып алған аймақтардағы жаңалықтар себепті соңғы екі күннің ішінде Ресейдің Анкарадағы сенімді өкілі Сергей Пановқа екі ескерту хаты жеткізді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі өкілетті елші Хүсейин Мүфтүоғлу апталық баспасөз жиналысында шекарадағы шабуылдың артынан орыс сенімді өкілінің министрлікке шақырылғанын білдірген болатын.

Мүфтүоғлу «Өзіне (сенімді өкілге) алдымен бұл оқиғаға байланысты қатты мазасызданғанымызды жеткіздік. Осыған еселеп қарсылық берілгенімізді, бұдан кейін ұқсас бір оқиға болған жағдайда қажетті қадамдардың басылу керектігі, керісінше еселеп жауап қайтарылатыны жеткізілді» деді.

Ақпарат көздеріне қарағанда Мүфтүоғлу жасаған мәлімдеме кезінде министрлік лауазымдылары орыс сенімді өкілі Пановпен байланыс құрып, әлеуметтік медиада орыс әскерлерінің Халебтегі Наурыз мерекесіне қатысып, ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы «YPG» мен «YPJ» символдарын ұстап фотосуретке түсуіне наразылық білдірді. Тіпті аймақта қоныстанған орыс армиясы қолбасшысы екені алға тартылған бір генералдың YPG-нің гербін қолына тағуына Түркияның наразылығы жеткізілді.

Мүфтүоғлу баспасөз жиналысында Түркияның Ресейден Мәскеудегі PYD/PKK кеңсесін жабуын талап еткенін қайталаған болатын.

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык болса, Сириядағы орыс әскерінің YPG символын тағуымен байланысты «YPG-мен АҚШ және Ресей Федерациясының ынтымақтастық жасауын Түркия ретінде қабылдамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар