"Әлемде үш бөлек террор ұйымымен бірдей күрескен бізден басқа ел жоқ"

Премьер-министр Бинали Йылдырым Қоршаған орта жобалары ашылу рәсіміне қатысты.

679466
"Әлемде үш бөлек террор ұйымымен бірдей күрескен бізден басқа ел жоқ"

Премьер-министр Бинали Йылдырым әлемде үш бөлек террор ұйымымен бірдей күрескен басқа ел жоқ екенін атап, Түркияның Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралельді құрылымы (FETÖ/PDY), ПКК және ДАИШ террор ұйымдарымен аямай күрескенін білдірді.

Премьер-министр Йылдырым Президенттік сарайдың Мәдениет Конгресс Орталығында Қоршаған орта жобалары ашылу рәсіміне қатысты.

Әлемнің ДАИШ-пен күресетін сияқты көрінгенін айтқан Йылдырым «Шынында күресетін ешкім жоқ. Тек қана Түркия бар. Евфрат қалқаны операциясымен Әл-Бабты да азат еттік. Сол жердегі адамдар бұрынғы тіршіліктеріне оралды» деді.

Түркияның 5 жылдан бері бір жақтан 3 миллион сириялықты құшағына баурағанын атап көрсеткен Йылдырым «Осымен де шектелмейді. Эгей аралдарына кету үшін теңізде жолаушылық жасаған 50 мың адамның өмірін құтқардық. Біздің нанымымызға қарағанда бір адамды құтқарған бүкіл адамзатты құтқарған деген сөз» деді.



Ұқсас жаңалықтар