Түркия Сомалидегі бомбалы шабуылды айыптады

Сомалидің Могадишо қаласында кеше бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалды.

675766
Түркия Сомалидегі бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Сомалидің Могадишо қаласындағы бір базарға кеше бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Вадайир аймағындағы Джезире жолы үстінде бейбіт халық жиі қолданған бір алаңда кеше бомба тиелген көлікпен жасалған шабуыл нәтижесінде ондаған адамның қаза тауып жарақат алғанын күйзеліспен қабылданғаны атап көрсетілді.

Сомалиде саяси тұрақтылықтың орнауы жөнінде маңызды қадамдар басылған бір кезеңде жасалған террор шабуылы қатаң түрде айыпталған мәлімдемеде «Түркия бұрын болғандай, алдағы кезеңде де Сомалиде бейбітшілік пен тұрақтылықтың қалыптасуына бағытталған жұмыстарға қолдауын жалғастырады. Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы тілеп, жанұяларына көңіл айтамыз. Жаралылардың тез жазылып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар