Түркияның Ұлттық барлау ұйымы кеңесшісі Германияда

Хакан Фидан неміс әріптесі Бруно Кахлдың шақыруымен Германияға барды.

671288
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы кеңесшісі Германияда

Түркия Ұлттық барлау ұйымы (MİT) кеңесшісі Хакан Фидан Германия Федеральді барлау ұйымы (BND) басшысы доктор Бруно Кахлдың шақыруымен Германияға барды.

Дойче Веленің хабарына қарағанда Фиданның сыртқы барлауға жауапты BND-ге қоса, ішкі барлау сервисі Атазаңды қорғау ұйымы (BfV) басшысы Ханс-Георг Маассенмен де бас қосуы күтіледі. Дипломатиялық ақпарат көздері екі елге қатысты қауіпсіздік мәселелері және қауіптер себепті соңғы кездері барлау және қауіпсіздік бөлімшелері арасында байланыстардың артқаны білдіріледі.

Түркия мен Германия арасында қауіпсіздік және барлау салаларында жүргізілген байланыстар аясында Сириядан туындаған шаралар, шетелдік жауынгерлер және ДАИШ-пен күрес маңызды күн тәртібін құрайды.

Түркия Ұлттық Барлау ұйымы кеңесшісі Хакан Фидан Германия сапары алдында өткен апта АҚШ Орталық барлау ұйымы (CIA) басшысы Майк Помпеоны Анкарада қонақ етіп, ұзақ уақытқа созылған бір жиналыс өткізген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ барлау ұйымдарына ДАИШ-ке соққы беру үшін бір жоспар дайындауға тапсырма беруі, соңғы кездері Ресейдің Сирия тақырыбында ортақ қозғалуы, Түркияның Сириядағы Евфрат қалқаны операциясымен Раккаға жоспарлаған операциясы сапар барысында қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар