Түркия СК-ның зымыран ұшыруын қатал айыптады

Түркия Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруына  қатысты мәлімдеме жасады.

670798
Түркия СК-ның зымыран ұшыруын қатал айыптады

 

Түркия Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзып жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемесінде «Солтүстік Кореяның аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және ол өңірлікпен әрі ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді» делінген.

 Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын мүлтіксіз атқаруына үндеу тастағанын қайталады.

 



Ұқсас жаңалықтар