Түркия Триполидегі Өкілетті елшілігін қайта ашты

Ливияның қауіпсіздік жағдайының нашарлауымен эвакуацияланған Триполидегі өкілетті және төтенше елшілік бүгін ашылды.

661689
Түркия Триполидегі Өкілетті елшілігін қайта ашты

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркияның 2014 жылы Ливияның қауіпсіздік жағдайының нашарлауымен эвакуацияланған Түркияның Триполидегі өкілетті және төтенше елшілігі бүгін шағын кадрымен жұмыстарын бастады.

Мәлімдемеде министр Мевлүт Чавушоғлуның өткен жылы 30 тамыз күні Триполи сапары кезінде 2014 жылы қауіпсіздік жағдайының нашарлауымен эвакуацияланған Триполи өкілетті елшілігінің қайта ашылуына бағытталған кезеңнің басталғаны еске салынды.

Түркияның Триполи Өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Айдын Доған өкілетті елші ретінде міндетін қазірге дейін Тунистен атқарды.

Триполидегі Түркияның өкілетті елшілігін қайтадан ашу жұмыстарының Доған тарапынан қадағаланғаны атап көрсетілген мәлімдемеде қазірге дейін қызметін үздіксіз жалғастырған Мисурата Бас консулдығына қоса, Триполи өкілетті елшілігінің қайтадан ресми түрде іске қосылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Түркияның Ливия Саяси келісімі негізінде бейбіт келіссөздер бағытында басылатын қадамдарға үлес қосылатыны және бауырлас Ливияның шекара тұтастығы мен ұлттық бірлігіне қолдау берілетіні атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар