Чавушоғлұ Астана процесіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Сирияда саяси шешім табу жағында екенін айтты.

658667
Чавушоғлұ Астана процесіне тоқталды

Қазақстан елордасы Астанадағы Сирия кездесулеріне байланысты Мозамбикте болған Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ «Жиналыс сәтті аяқталды. Үштік механизм құрудамыз» деді.

Чавушоғлұ «Бұл жолы біз нақты бір жүйе бойынша жұмыс жүргіздік. Жиналыс аяқталғанда Түркия, Ресей және Иран болып ортақ бір хаттама жарияладық. Бұл реткі жиналыста маңызды мәселелер қолға алынды. Гуманитарлық көмекке дейін талқылауға мүмкіндік алдық. Сириялықтар сұм соғыстан мезі болғаны баршаға аян. Ендігі меже – лаңкестікке жол бермеудің тетіктерін табу. Бұл ретте кешелі бері Астана процесі аясында қыруар шаруа атқарылды» деді.    

           

 



Ұқсас жаңалықтар