"Террор ұйымдарының барлығы - бір сценарийдің ойыншылары"

ПрезидентЕрдоған есімдері,  сөздері өзгеше болса да,  барлық террор ұйымдарының бір сценарийдің ойыншылары екенін айтты.

653429
"Террор ұйымдарының барлығы - бір сценарийдің ойыншылары"

Президент Режеп Тайып Ердоған есімдері,  сөздері өзгеше болса да,  барлық террор ұйымдарының бір сценарийдің ойыншылары екенін айтты.

Ердоған Президенттік сарайда Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігінің жаңа қызмет ғимаратының қызметке берілуі салтанатында 2313 жылдан бері болып келе жатқан оқиғалардың Түркияның тәуелсіздік үшін жаңа күрес ішінде екенін көрсеткенін білдірді.

«Бұл жолы біздің қарсы алдымыздағылар өз есімдері және әскерлерімен алдымызға шыққан жаулар емес, олар немесе олар қолданып отырған қолшоқпар террор ұйымдары. Есімдері мен сөздерінің басқаша екеніне қарамаңыздар,  PKK, DEAŞ, FETÖ, YPG, DHKP-C және қалғандары бір сценарийдің ойыншылары» деді ол.

Террор ұйымдарының бір ғана миссиясы бар екенін айтқан президент Ердоған: «Бұл – ұлттық бірлігімізді,  еліміздің тұтастығына қауіп төндіру,  Түркияның алдына кедергі болу,  аяғына тұсау салу.  2023 жылғы мақсатына жеткізбеу. Олар бұларды істей алмайды. Біз көре алмасақ та, немерелеріміз көреді. 2053 жылды да, 2071 жылды да көреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар