Түркия мен Грузия қарым-қатынасы өте жақсы

Грузия Сыртқы істер министрі Михеил Джанелидзе15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін түсіндірді.

648607
Түркия мен Грузия қарым-қатынасы өте жақсы

Сыртқы істер министрлігінің 9-шы Өкілетті елшілер конференциясы жалғасуда.

Конференцияға көптеген шетел сыртқы істер министрлері де шақырылды.

Грузия Сыртқы істер министрі Михеил Джанелидзе дәстүрлі конференцияның шетелдік алғашқы қонағы еді.

Джанелидзе конференцияда Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін түсіндірді.

Мемлекеттің болашағы мен демократияны қорғау үшін түрік халқының батырлық көрсеткенін айтқан Михеил Джанелидзе «Опасыз шабуылдан кейін Грузия премьер-министрі Түркия демократиясының қасында орын алғанын айтты. Грузия Түркия және түрік халқына қолдау көрсеткен бірінші ел болды» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да Түркия-Грузия қарым-қатынастарының мәңгі бақи ілгерілейтінін білдірді.

Түркияның Грузияның егемендігіне қатты көңіл бөлгенін және Грузияға жалғасты қолдау көрсететінін білдірген Чавушоғлұ «Грузиямен ешбір мәселеміз жоқ. Бір-бірімізді қолдаудамыз. Барлық қиыншылықтарға қарамастан екі елдің сауда көлемі артты» деді. 



Ұқсас жаңалықтар