Ибрахим Калын брифинг берді

Ибрахим Калын Сирияның Алеппо қаласынан 44 мың адамның эвакуацияланып, Идлибке жеткізілгенін айтты.

638108
Ибрахим Калын брифинг берді

Президенттің аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның Алеппо қаласынан 44 мың адамның эвакуацияланып, Идлибке жеткізілгенін айтты.

Президенттік сарайда баспасөзге брифинг берген Калын тап қазір Идлибте осы азаматтардың негізгі мұқтаждықтарының қамдалуы үшін барлық шараның қолданылғанын білдірді.

Калын Түркияның Әл-Баб аймағына жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясының соңғы сатысының террор ұйымы ДАИШ-пен күрес аясында екенін еске салды.  «ДАИШ-пен күрес тақырыбында Түркияны сынап отырғандардың Әзез-Джераблус желісі,  Дабык және Әл-Баб тағы операцияларға қажетті қолдауды бермеуі қабылданбайды» деді ол.

Әл-Баб төңірегінде соңғы бір аптада қақтығыстардың артқанын атап көрсеткен Калын: «Осында Түрік Қарулы күштері бейбіт халықтан шығын бермеу үшін мұқият қозғалды. Өткен аптада жүргізілген операция аясында жүздеген нысан жойылды және 226 террорист өлтірілді.  Осы операциялар жалғасуда және бұдан былай да табандылықпен жалғасады.  Бұл әрі біздің қауіпсіздігіміз тұрғысынан керек,  әрі ДАИШ-пен күресте маңызды сатылардың бірі» деді.

Калын «Осы террорлық ұйымның түрлі қозғалыстарына байланысты барлау қызметі, Штаб пәтер жұмыстануда,  шараларын қолдануда» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Сирияда территория тұтастығын қамдайтын және барлық топтардан тұратын бір басқару құрылмастан соғыстың аяқталмайтынын білдірді. «Алты жылдан бері жалғасып келе жатқан замандас кезеңнің ең қанды соғысын енді доғаруымыз керек. Осы тақырыпта барлық елдер өздерінің жауапкершілігін орындауы қажет. Ресейге, Иранға, Еуропа мен БҰҰ-ға, Америкаға маңызды жауапкершіліктер түседі. Көркейтуші пікірмен қарау,  мәселені шешуге бағытталу – маңызды.  Біздің ұстанымымыз осындай» деді ол.

Ибрахим Калын Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карловтың қарулы қастандық нәтижесінде өлтірілуіне байланысты: «Бізге жеткен деректер бойынша FETÖ–мен қатысты екені анық көрінеді. Террор лаңкестігімен, қастандығымен осы террорлық ұйым мен оның артындағы басқа да күштер мақсаттарына жете алмады.  Яғни Түркия мен Ресей қарым-қатынасындағы қалыпқа ену үрдісін теріске айналдыру,  бұзу, жаңа дағдарыс шығару үшін істегендері мақсатына жетпеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар