Президент Ердоған твиттерден 3 тілде мәлімдеме жасады

Президент Халеб қаласындағы бітімнің жазықсыз адамдар үшін соңғы үміт екенін атап айтты.

632191
Президент Ердоған твиттерден 3 тілде мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Халеб қаласындағы бітімнің жазықсыз адамдар үшін соңғы үміт екенін атап айтты.

Президент Ердоған ресми твиттер парақшасынан «Халеб» үшін 3 тілде мәлімдеме жасады.

Ердоған мәлімдемесінде «Түркияның талпыныстарымен Халебте жасалған атысты тоқтату бітімі мен эвакуациялаулардың жалғасы, Халебтегі жазықсыз адамдар үшін бәлкім соңғы үміт болмақ. Барлық тараптар мен халықаралық қоғамды осы бітімге бағынуға және эвакуациялау кезеңіне қосылуға шақырамын. Түркия Халеб халқын жалғыз қалдырмайды, тастамайды. Нәтижесі қалай болса да, жалғыз бір жанның өзін құтқару үшін бар күшін жұмсайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар