Президенттік жүйесі жүзеге асады

Йылдырым «Жаңа атазаң шешімін түрік ұлты береді» деді.

611928
Президенттік жүйесі жүзеге асады

Йылдырымның күн тәртібінде террормен күресу де бар еді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым президенттік басқару жүйені қамтыған атазаң өзгерісінің алдымыздағы күндерде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне келетінін айтты.

Әділет және даму партиясының кеңейтілген провинция төрағалары жиналысында баяндама жасаған Йылдырым жаңа атазаң және президенттік басқару жүйесі тақырыбында басқа партиялармен ақылдасуын жалғастыратынын, алайда соңғы шешімді болса ұлттың беретінін айтты.

Түркияның жаңа атазаңы жөнінде енді уақытты жоғалтуға болмайтынын білдірген Йылдырым мемлекеттің қазіргі атазаңымен жолын жалғастыра алмайтынын баяндады.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның күн тәртібінде террормен күресу де бар еді.

Террор ұйымдарының бір-бірлерімен ұқсас екенін түсіндірген Йылдырым «Ұйымның атының ПКК, PYD, DEAŞ, FETÖ болуы ешбір нәрсені өзгертпейді. Осы ұлттың береке-бірлігінің жжәне тыныштығының дұшпаны болған террорға қарсы әрі мемлекет ішінде, әрі шетелде операцияларымызды табанды түрде жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымына  қарсы жасаған шешіміне орай Пәкістан әкімшілігіне алғыс айтып, Батыс елдеріне Пәкістанды үлгі көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар