Сыртқы істер министрі орыс арнасына сұхбат берді

"Ресей Түркияның қиын күнінде шын дос екенін көрсетті"

602798
Сыртқы істер министрі орыс арнасына сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейдің Түркияның қиын күнінде шын дос екенін көрсеткенін айтты.

Ресейдің мемлекеттік Россия-24 теле арнасына сұхбат берген министр Түркия мен Ресей қарым-қатынастары, Түркияның сыртқы саясаттары,  терроризммен күрес,  Сирия дағдарысы және Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекетіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

Чавушоғлу Түркия мен Ресейдің Сирияда атысты тоқтату үшін жұмыстанғанын айтты. Түрік министр осы сатыдан кейінгі істің саяси шешім болуы керектігі жөнінде де орыс басшылармен бірдей ойда екендерін білдірді.

Алайда Асадпен нағыз саяси өзгеріс болатынына сенбейтіндерін білдірген Чавушоғлу: «біздің ойымызша, оппозицияның бұдан былай Асадпен бірігуі мүмкін емес.  Себебі 500 мыңнан астам адам өлтірген әкімшілікпен үстелге отырғысы келмейді» деді.

Мевлүт Чавушоғлу өтпелі кезеңде Сирия халқы келісім беретін үшінші тұлға немесе тұлғаларды сынап көру керектігін атап айтты.

Министрдің ойынша Сирияда байсалдылар мен террор ұйымдарын дұрыс ажырата білу керек. Түркия шекарасы да террор ұйымы ДАИШ-тен тазалануы қажет.

Террор ұйымы ДАИШ-тің Түркияның шаралары мен қадамдарына мазасызданғанын білдірген Чавушоғлу Түркияның шараларының арқасында ДАИШ қатарын толықтырып келген шетелдік сарбаз санының азайғанын айтты.

Министрдің айтуынша Түркияның террор ұйымдарымен күресі де халықаралық құқыққа сай. «Біздің Сирия және Ирактың территориясында ниетіміз жоқ. Ешқашан болмады.  Біз керісінше орлардың территория тұтастығын және егемендігін қолдаймыз.  Бірақ сол елден шығып жатқан террор болса,  оған қарсы шығу құқығымыз бар» деді ол.

Министр сонымен бірге Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияға берген қолдауы үшін Ресейге алғыс айтты. «Ресейге,  құрметті Путинге және орыс халқына алғыс айтамыз.  «Қиын күнде шын дос анықталады» деп айтылады.  Ресей Түркияның қиын күнінде шын дос екенін көрсетті» деді ол.

Ресей ақпарат бөлісу тақырыбында да қолдау беруге ұсыныс жасады.

Сонымен бірге Сыртқы істер министр Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарым-қатынасына балама еместігін де атап айтты. Чавушоғлу: «АҚШ – біздің одақтас.  Көптеген салада серіктестік бар. Бірақ Ресей де біздің жақсы досымыз. Көршіміз.  Бұлар бір-біріне балама емес. Керісінше бірін-бірі толықтырушы деп қараймыз. Біздің территориядағы елдер өз қатынастарында,  әсіресе сыртқы саясатта теңгерімді бақылауы керек» деді.

Министрдің айтуынша түрік экономикасы өскен сайын табиғи газға деген сұраныс да артты.  Түркия табиғи газ алатын елдердің басында да Ресей келеді. Түркияның өзінде мұнай немесе газ болмағанына қарамастан,  энергия сенімді транзит ел аталады.

Түркия мен Ресей арасында 24 қараша күні шекараны бұзған орыс ұшағы құлатылғаннан кейін дағдарыста Түркия Ресейге ешбір санкция жүргізбеді. Сыртқы істер министрі Түркияның бір НАТО елі ретінде Еуропа Одағының және батыстың Ресейге санкцияларына да ешқашан қосылмағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар