Ердоған Бурса қаласында топтық ашылу рәсіміне қатысты

Ердоған Евфрат қалқаны операциясының Әл-Бабқа дейін жалғасатынын білдірді.

595080
Ердоған Бурса қаласында топтық ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін Түркия басшылығында 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны операциясының Әл-Бабқа дейін жалғасатынын білдірді.

Түркияның Раккаға жасалатын операцияға да қатысатынын атап көрсеткен Ердоған «Коалиция күштері бірге қозғалуға дайын болса Раккада да ДАИШ-ке қарсы күреске дайынбыз. Бірақ ПЙД/ЙПГ террор ұйымымен болмайды» деді.

Әл-Бабта террордан тазаланған бір аймақты дайындау керектігін атап айтқан Ердоған ПЙД/ЙПГ тарапынан басып алынған Мүнбичте де бірдей бір дайындық жасау керектігін атап көрсетті.

"Ұлттық пакт" пікірталасын күн тәртібіке әкелген Ердоған осыған кейбір орталардың мазасызданғанын атап, «Ирактың ежелгі Керкүк пен Мосул қалалары біздікі еді. Қазір менің ‘Ұлттық пакт’ деген сөзіме мазасызданып отырсыңдар. Неліктен мазасызданасыздар. Мен тарих сабағын өтемін, тыңдаңдар. Бұл тарихтың арғы жағында тарих бар. Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік "Ұлттық пактты" ұлтына бағыт ретінде көрсеткен емес пе еді?» деді.

Террормен күресте болса тұрақтылыққа тоқталған Ердоған «Қай жерге қашсаңдар қашыңдар. Үңгірлеріңе дейін кіріп, іздеріңе түсеміз. Бұдан былай террор шабуылы болған кезде емес, болмай тұрғанда сол батпақтың ішінде сіздерді құрту арқылы отанға тыныштық орнатамыз. Сол үшін тоқтамаймыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы мүшелеріне үн қатып, ұйым туралы білгендерін түсіндіруге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар