Ердоған Путинмен сөйлесті

Екі басшы Сирия және Ирактағы соңғы оқиғалар және осы аяда терроризммен күрес тақырыбында көзқарас алмасты.

592386
Ердоған Путинмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.

Екі басшы Сирия және Ирактағы соңғы оқиғалар және осы аяда терроризммен күрес тақырыбында көзқарас алмасты.

Президенттік аппараттан алынған мәліметке қарағанда Путин «Сирияда террор ұйымы ДАИШ алдында жеткен табыстарына орай» Түркияны құттықтады.

Екі басшы Халебте қақтығыстарды доғару және қалаға гуманитарлық көмектің жеткізілуі тақырыбын да қолға алды.

Ердоған мен Путин Түркия мен Ресей арасында сауда-саттық, экономика және энергия саласындағы ынтымақтастықтарды арттыруға да келісті.

Президент Ердоған Путинге Стамбулда болған Бүкіләлемдік Энергия конгресіне қатысқанына орай алғыс айтты.

Басшылар бүгін болатын Нормандия төрттігі жиынына да тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар