Әлем алпауыттары Түркияда

23-ші Әлем энергия конгреісі Стамбулдағы Лүтфи Конгрес орталығында кеше басталды.

586072
Әлем алпауыттары Түркияда

23-ші Әлем энергия конгресі Стамбулдағы Лүтфи Конгресс орталығында кеше басталды.

Басты тақырыбы «Жаңа көкжиектерден пайдалану» болған 23-ші Әлем энергия конгрессінде қатысушылар энергия мәселелерін және шешімдерді жаһандық бір тұрғыдан қолға алуды  мақсат етуде.

23-ші Әлем энергия конгрессінде көптеген мемлекет пен үкімет басшыларымен қатар, өнеркәсіптің алдыңғы қатардағы лидерлері, халықаралық ұйымдар, баспасөз өкілдері, университет ғалымдары және энергия мамандары бас қосты.

13 қазан күніне дейін жалғасатын Конгресстің беташар баяндамасын Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак жасайды. Министр ортақ жобалармен қатар ынтымақтастық мүмкіндіктерінің қолға алынатынын айтты.

Конгрессте барлық назар Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев және Венесуэла Президенті Николас Мадруроға ауды.

Әлемдегі мұнай табиғи газ қайнарларының 72 пайызының Түркиямен көршілес елдерде болғанын меңзеген Әлем энергия кеңесі ұлттық комитет төрағасы Сүлейман Мүмин Булут маңызды әлем энергия стратегияларын белгілейтін тақырыптарда Түркияның рөлінің өте үлкен екенін айтты.

 4 күн жалғасатын Конгресске мөлшермен 82 елден 262 баяндамашы қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар