Ердоған Нью-Йоркта кейбір лидерлермен  кездесті

Ердоған Петро Порошенко, Хасан Рухани, Тереза Мей және Наваз Шерифпен кездесті.

574267
Ердоған Нью-Йоркта кейбір лидерлермен  кездесті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктағы 71-ші Жалпы Кеңесіне қатысқан Президент Режеп Тайып Ердоған кейбір лидерлермен кездесті.

Ердоған Украина Президенті Петро Порошенкомен өткізген кездесуінде Түркияның Украинаның егемендігі және территория тұтастығы жөнінде Киев әкімшілігіне жалғасты қолдау көрсететінін айтты.

Ердоған Ресеймен диалогтың қалыпқа келуінің Түркияның Қырымның жаулауын мойындамау және Қырым Татарларының құқықтарын аяқ астына алуларын айыптау тұғырына ықпал жасамайтынын түсіндірді.

Президент одан кейін Иран Президенті Хасан Руханимен баспасөзге жабық бір кездесу өткізді.

Президент Ердоған БҰҰ Жалпы Кеңесінде баяндама жасаудың алдында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мейді да қабылдады. БҰҰ Орталығындағы кездесу мөлшермен 1 сағат жалғасты.

Президент Ердоған Пәкістан премьер-министрі Наваз Шерифті қабылдады. Бас қосуда жаһандық мәселелер қолға алынды.

Ердоған АҚШ Президенті Барак Обама мен жұбайы тарапынан берілген кешкі қонақасына да қатысты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар