Ердоған Нью-Йоркта

Президент Ердоған БҰҰ Жалпы Кеңесі жиналысына қатысты.

573328
Ердоған Нью-Йоркта
katar emiri.jpg
cumhurbaşkanı erdoğan abd'de.jpg
cumhurbaşkanı erdoğan abd'de.jpg

Президент Ердоған БҰҰ Жалпы Кеңесі жиналысына қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 71-ші Жалпы Кеңесі жиналысына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына барды.

Ердоған сапар аясында қонақүйде Катар Әмірі Шейх Тамин бин Хамад Әл Санимен кездесті.

Ердоған мен Әл Санидің кездесуі баспасөзге жабық мөлшермен 1 сағат 20 минут жалғасты.

Ердоған одан кейін Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қоры SETA тарапынан ұйымдастырылған  америкалық мықтылар қатысқан қонақасына қатысты.

Қонақасында кейбір ой-пікір ұйымдардың өкілдері және баспасөз тілшілерімен бас қосқан Президент Ердоған осы барыста өзіне құрмет көрсеткен түріктермен амандасты және олармен бірге суретке түсті.

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін БҰҰ орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги Мун тарапынан  берілетін қонақасына қатысады. Сонымен қатар Ердоған Жалғастыруға болатын өркендеу нысаналар және 2030 өркендеу күн тәртібінің қабылдануының бірінші жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада орын алады.

Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мей және Пәкістан премьер-министрі Наваз Шерифті қабылдайды.

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Барак Обаманың үй иелігінде өткізілетін «Келімсектер» атты лидерлер саммитіне қатысады.

Иран Президенті Хасан Рухани және Украина Президенті Петро Порошенкомен кездесу өткізетін Ердоған АҚШ Президенті Барак Обама мен жұбайы тарапынан берілетін кешкі қонақасында да орын алады.

       

 



Ұқсас жаңалықтар