Америка Гүленді қайтаруы керек

Президент АҚШ-та Reuters агенттігіне сұхбат берді.

573406
Америка Гүленді қайтаруы керек

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Фетуллах Гүлен секілді бір террористке мекен болмауы керектігін айтты.

Ердоған БҰҰ-ның 71-ші Бас ассамблеясы сессияларына қатысу мақсатымен АҚШ-қа барып, Reuters агенттігіне сұхбат берді.

Сұхбатта президент АҚШ-тағы Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Гүленнің тез арада тұтқындалуы және Түркияға қайтарылуы керектігін айтты. «Фетуллах Гүленнің істеріне бүкіл дүние жүзінде тыйым салу керек» деді ол.

Президент 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен кейін жарияланған Төтенше жағдайдың мерзімін де Түркия парламентінің созуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Ердоған босқын келісіміне байланысты Еуропа Одағының атқаруы керек нәрселерді атқармағанын және Түркияға берген уәдесін орындамағанын білдірді.

Президент Сирия мәселесіне байланысты да өтпелі кезеңде Башар Асадтың болмауы керектігін айтып,  елдің территория тұтастығына да құрмет көрсетілуі керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар