Террор ұйымдарының ниеті бірдей

Ердоған террор ұйымдарымен күресуді жалғастыратынын білдірді.

570479
Террор ұйымдарының ниеті бірдей

Президент Режеп Тайып Ердоған ПКК, Фетуллахшы террор ұйымы және ДАИШ сынды террор ұйымдары арасында бір айырмашылықтың болмағанын айтты.

Ердоған Түркия ынталы ұйымдары қоры тарапынан Халич конгресс орталығында «79 миллион бір жалау астында» атты іс-шарада сөз сөйледі.

Береке-бірліктің қауіп-қатерді жойғанын түсіндірген Ердоған табандылықпен террор ұйымдарымен күресуді жалғастыратынын білдірді.

Өлім жазасы дау-дамайына да тоқталған Ердоған «Ұлтымыз бір шешім жасайтын болса, оның өкілдері, яғни депутаттар да осы шешімге үйлесулері керек» деді.

15 шілде күнгі төңкеріс әкетінің артқы жағындағы ойынға да назар аударған Ердоған «Бұның үлкен бір ойын болғаны баршаға аян. 15 шілде күні осы ойынның нәтижесі емес, тек сатысы ғана болып табылады. Олардың мақсаты тек Түркияны былықтыру ғана емес, Иракты, Сирияны, Ауғанстанды, Тунисті, Ливияны және барша Мұсылман әлемін күйрету» деген сөздер қолданды.

 Ердоған Түркияға бағытталған опасыздықтың басқа бір жағында да бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның болғанын баяндады.

Президент Ердоған «ПКК, Фетуллахшы террор ұйымы және ДАИШ-тің айырмашылығы жоқ. Барлығы осы елге және ұлтымызға зиян тигізу үшін әрекет жасауда» деді. 



Ұқсас жаңалықтар