Вандағы шабуылдың артынан жаралы саны артты
Террористтер айттың бірінші күні бомба тиелген көлікпен шабуылдады.
Ван қаласындағы Әділет және даму партиясы қалалық филиалы алдындағы полиция бекетіне бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері тарапынан жасалған шабуылда 4 полиция қызметкері барлығы 53 адам жарақат алды.
Жарылыстың артынан Ванға барған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу террор шабуылы жасалған жердегі полиция бекеті мен зиян келген ғимараттарды аралап лауазымдылардан ақпар алды.
Шабуылдың халықтың тыныштығына бағытталғанын және қасақана бір шабуыл екенін атап көрсеткен Сойлу шабуылмен полиция бекеті мен Әділет және даму партиясы қалалық филиалы ғимаратының нысанаға алынғанын, бірақ жолға қойылған бөгеттер мен барьерлер арқасында үлкен бір қайғыдан аман қалынғанын мәлімдеді.
Министр Сойлу жарақат алған 53 адамнан 46-сының ауруханадан емделіп шыққанын, 7 адамның болса емделіп жатқанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.