Түркия 10 елге жаңа өкілетті елші тағайындады

Түркия 12 елдегі өкілетті елшілерін орталық қызметке тағайындады.

559583
Түркия 10 елге жаңа өкілетті елші тағайындады

Түркияның 12 елдегі өкілетті елшілері орталыққа шақырылды, қазірше 10 елге жаңа өкілетті елші тағайындалды.

Өкілетті елшілерді тағайындау жайлы заңнама Ресми газетте жарияланды.

Заңнамаға қарағанда Түркияның Франция, Панама, Македония, Мозамбик, Жаңа Зеландия, Тунис, Бруней, Италия, Босния-Герцеговина, Молдова, Хорватия және Әзірбайжаннан шақырылған елшілер орталық қызметке тағайындалды.

Македония, Мозамбик, Жаңа Зеландия, Тунис, Бруней, Ирландия, Италия, Босния-Герцеговина, Молдова және Әзірбайжанға жаңа өкілетті елшілер тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар