Террор шабуылдарында 2 әскер шәйіт болды

Шабуылдардың артынан қауіпсіздік күштері аймақтарда ауқымды операция бастады.

557594
Террор шабуылдарында 2 әскер шәйіт болды

Шырнактың Улудере ауданында жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 2 әскер шәйіт болды.

Улудере ауданында әскери көлік өткен кезде ПКК террор ұйымы мүшелері тарапынан тұзақталған қолдан жасалған жарылғыш алыстан жарылды.

Жарылыстың артынан қауіпсіздік күштері аймақта ауқымды операция бастады.

Хаккаридің Шемдинли ауданында болса террористтер жолға орналастырған бомбаны жарды. Шабуылда 3 әскер жарақат алды.

Жаралы әскерлер тікұшақпен Хаккари мемлекеттік ауруханасына апарылды.

Ванның Чатак ауданында да бір топ террорист жандармерия бөлікшесіне шабуылдады.

Шабуылда 1 әскер жарақат алды.

Қашқан террористтерді ұстау үшін операция басталды. Қауіпсіздік күштері Чатак-Ван трассасы үстіне тұзақталған бомба тапты. Бомба жою мамандары бомбаны бақылау астында жарды.



Ұқсас жаңалықтар