Ибрахим Калын орыс хабар агенттігіне сұхбат берді

Калын Сирия дағдарысына Ресеймен ортақ саяси шешім табуды қалағандарын атап көрсетті.

545373
Ибрахим Калын орыс хабар агенттігіне сұхбат берді

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Сирия дағдарысына Ресеймен ортақ саяси шешім табуды қалағандарын атап көрсетті.

Орыс TASS хабар агенттігіне сұхбат берген Калын «Бұл тақырыпта әрқашан Ресеймен бірге жұмыстанудың жолдарын іздедік. Болашаққа сенімді қарау және Сирияда саяси өтпелі кезеңнің ең қысқа уақытта жүзеге асырылуы үшін Ресеймен ынтымақтастық жасағымыз келеді» деді.

Калын Ресей мен Түркияның 2015 жылы қыркүйек айында алдымен Сочи, кейінгісі Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерде Халықаралық Сирия қолдау тобының құрылуы үшін қажетті ортаны қамтамасыз еткенін атап айтты.

Ресей президенті Владимир Путин мен президент Режеп Тайып Ердоғанның 9 тамыз күні Санкт-Петербургте өтетін кездесуіне тоқталған Калын күн тәртібінің алдынғы тақырыптары арасында екі жақты қарым-қатынастар, Сирия дағдарысы және террормен күрес бар екенін мәлімдеді.

Путин мен Ердоғанның келесі апта жүзеге асатын кездесуде екі жақты ынтымақтастықтың жылдам жақсаратынын да атап көрсеткен Калын «Реттеу кезеңі екі басшының тұрақтылығымен басталды» деді.

Калын Түркияның президент Путиннің төңкеріс әрекетінің артынан Ердоғанға телефон шалып берген қолдауын ризашылықпен қабылдағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар