Премьер-министр азаматтарды жәрдем акциясына қатысуға шақырды

Премьер-министр Бинали Йылдырым түскен бейне таспа арқылы «15 шілде ынтымақтастық акциясына» шақырды.

538992
Премьер-министр азаматтарды жәрдем акциясына қатысуға шақырды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымы Паралеллді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасы кезінде болған оқиғаларды түсіндірген бейне таспа арқылы азаматтарды «15 шілде ынтымақтастық акциясына» шақырды.

Йылдырым әлеуметтік медиа парақшалары «Twitter» және «Instagram» арқылы «Олар бізге батылдығын, рухтарын, бұл сұлу отанды және сүйікті жанұяларын аманат қалдырды» деп төңкеріс бастамасы кезіндегі оқиғалар орын алған бейне көріністі және ынтымақтастық акциясы үшін банктерде ашылған есепшоттарды бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар