Сыртқы істер министрі Коняда халыққа үн қатты

Министр Чавушоғлу шетелге қашқандарды қайтаратындарын білдірді.

536861
Сыртқы істер министрі Коняда халыққа үн қатты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс бастамасына араласып кейін шетелге қашқандарды ұстап елге әкелетіндерін білдірді.

Демократия шерулерінің 10-шы күнінде Кония тұрғындарына үн қатқан Чавушоғлу Пенсильваниядағы террорист басын да Түркияға әкелетіндерін атап айтты.

Чавушоғлу Феттуллах Гүлен террор ұйымы басшысын қайтарып алу үшін қажетті заңды құжаттар мен дәлелдерді жібергендерін және АҚШ-тың енді дәлел сұрай алмайтынын атап көрсетті.

Ұйымның шетелдегі мекемелерінің де жабыла бастағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Әзірбайжандағы университеттері мен телеарналары жабылды. Бауырлас Сомалидің Министрлер Кеңесі олардың жұмыстарын тоқтатты және мүшелерінің елден кетуі үшін 1 апта уақыт берді. Нигердегі мектептері де жабылуда. Сондай-ақ басқа елдердегі жұмыстарын да тоқтату үшін бастамаларымызды жалғастырамыз. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы «FETÖ террор ұйымы» ретінде жариялады. Бұл елдегі жұмыстарын жақыннан қадағалаудамыз. Бәрін жоямыз» деді.

Министр Чавушоғлу сыртқы істер министрлігін де тазалайтындарын атап айтты.

FETÖ-нің 15 шілде күнгі бастамасының алғашқы бастама емес екенін атап көрсеткен Сыртқы істер министрі ұйымның Түркияға бұрыннан бері әр түрлі әдістермен шабуылдағанын мәлімдеді.

Чавушоғлу «Бұлар 17-25 желтоқсан күндері арасында да бұл әрекетті жасамақшы болды. Негізінде сол кезден бастап үздіксіз бастамалары жалғасуда. Түркияға кім дұшпан болса олармен бірге қозғалады. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда түріктерге кім дұшпандық жасаса, олармен серіктес. Түркияға қарсы шешімдер шығару үшін халықаралық парламенттердің барлығында түні күні жұмыстанды.  Қалағандары нәтижеге қол жеткізе алмаған соң бұл сатқындар Түркияның тұрақтылығы мен шекара тұтастығына қастандық жасаушы ПКК және ДАИШ террор ұйымдарымен ынтымақтасты» деді.



Ұқсас жаңалықтар