Президент Ердоған Рейтер хабар агенттігіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Рейтер хабар агенттігіне төңкеріс бастамасы оқиғасын түсіндірді.

534977
Президент Ердоған Рейтер хабар агенттігіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған 3 айлығына жарияланған төтенше жағдайдың жаңа бір «ұлт азаттық күрес» деген мағынаға келгенін атап көрсетті.

Төтенше жағдайдың демократиялық мекемелердің одан мықты жұмыс істеуі үшін жарияланғанын білдірген Ердоған «Бұл кезеңде үйінде отырмай, көшелерге шығып, болашағына ие шыққан ұлтымды мақтан тұтамын» деді.

Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасы жасағанын атап, 15 шілде күні кешкі уақытта болған оқиғаларды ағылшын Рейтер агенттігіне бағалады.

Оқиғаны алдымен бір туысқанынан естігенін, кейін болса жағдайды растаған соң халқын баспасөз органдары арқылы көшеге шығуға шақырғанын еске салған президент демалуға барған Мармаристен Стамбұлға дейінгі рискті сапарын түсіндірді.

Ататүрік әуежайына барған соң мемлекеттік соғыс ұшақтарымен ұшқан террористтерге қарамастан жағдайды бұл жерден басқарғанын атап көрсеткен Ердоған ертеңінде (16 шілде) түскі уақытта, жағдай толық бақылауға алынған соң резиденциясына өткенін мәлімдеді.

Түрік ұлтының алаңдарға шығып, танктердің алдына жатқан сол сәттердің тарихта үлгісі жоқ екенін атап көрсеткен Ердоған «Осылайша ұлттық биліктің не мағынаға келгені ашық түрде ортаға қойылды» деді.

15 шілде күні түнде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің президенттік сарайдың және полиция ұйымының да бомбаланғанын, негізгі нысананың халық екенін айтқан президент осыған қарсы шыққан 246 адамның шәйіт болғанын, 2 мың 185 адамның жараланғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар