Түркия Қорғаныс министрі АҚШ-тағы жиналысқа қатыспайды

Түркия Қорғаныс министрі Фикри Ышык пен АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер телефонмен әңгімелесті.

533220
Түркия Қорғаныс министрі АҚШ-тағы жиналысқа қатыспайды

Қорғаныс министрі Фикри Ышык пен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Эштон Картер террормен күрес тақырыбын талқылады.

Пентагон жасаған жазбаша мәлімдемеде Картердің Түркияның демократиялық жолмен сайланған үкіметіне АҚШ-тың әр дайым қолдау беретіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде министр Ышыктың Түркияның ДАИШ-тен бастап, әртүрлі терроризммен күресте тұрақты және маңызды бір ортақтық ережесін жалғастыратынын жеткізгеніне орын берілді. Сондай-ақ екі министрдің Инжирлик базасынан басқарылған ДАИШ-ке қарсы операциялардың маңызына тоқталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде ДАИШ-пен күрес тақырыбында коалиция құрамындағы кейбір елдердің қорғаныс министрлері АҚШ-та бас қосатын жиналысқа Түркия Республикасы Қорғаныс министрі Фикри Ышыктың қатыспайтыны, Картер мен Ышыктың алдағы уақытта байланысты жалғастыруға шешім қабылдағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар