Жоғарғы сот мүшелері ұсталды

Даныштайдың Жоғарғы сотының FETÖ ұйымының төңкеріске әрекетіне байланысты 10 мүшесі ұсталды.

530660
Жоғарғы сот мүшелері ұсталды
Danıştay.jpg

Даныштайдың Жоғарғы сотының FETÖ ұйымының төңкеріске әрекетіне байланысты 10 мүшесі ұсталды.

Даныштай Жоғарғы соты төрағасы Зеррин Гүнгөр сот мүшелерін жиналысқа шақырды.

Шақыруға байланысты залға келген 35-40 кісілік бір топ залдағы 15-20 кісіден тұратын басқа бір мүше тобының параллель ұйымға тәуелді екенін алға тартып,  залға кірмеді.

Осы кезде Анкара Республика бас прокуратурасының қарулы төңкеріске әрекет жасау аясында басталған тергеуінде ұстау бұйрығы шығарылған 10 мүше есімдері оқылып,  полиция тарапынан ұсталды.

Ұсталған сот мүшелері Полиция ғимаратына жеткізілді.

Жоғарғы соттың 38 мүшесіне іздеу салынды.

Сонымен қатар Судьялар және прокурорлар жоғары кеңесінің 5 мүшесінің де  мүшелігі прокуратура шешімімен алынып тасталды.

Сонымен бірге Жоғары кеңестің 2-ші департаменті 2745 судьяны міндеттен алды.

Яргытай Жоғары сотының болса 140 мүшесі жөнінде ұстау үкімі шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар