7 адам тұтқындалды

Стамбулдағы әуежайда болған терактіге байланысты ұсталғандардың арасында шетел азаматтары да бар.

526807
7 адам тұтқындалды

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында 28 маусым күні болған терактіге байланысты тағы 7 адам тұтқындалды.

Осылайша тұтқындағы кісілердің саны 37-ге жетті.

Стамбул полициясы соңғы операцияда 3 жанды бомбамен байланысы бар деген 6 адамды ұстаған болатын.  Осы кісілер сот арқылы тұтқындалды.

Терактіден кейін ұсталған 30 күдіктінің барлығы сот үкімімен тұтқындалған болатын.  Олардың 14-і шетел азаматы.



Ұқсас жаңалықтар