Түркия Ливандағы жанкешті шабуылдарды айыптады

Түркия террормен күрес аясында Ливанға қолдауын қайталады.

519857
Түркия Ливандағы жанкешті шабуылдарды айыптады

Сыртқы істер министрлігі кеше Ливанның Сирия шекарасына жақын Әл-Каа ауданын нысанаға алған шабуылды қатаң түрде айыптап, Ливанға террормен күрес аясында Түркияның қолдауын жалғастыратынын білдірді.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда қаза тапқан және жаралылар бар террор шабуылын қатаң түрде айыпталғаны аталып, «Террор шабуылында жақындары қаза тапқандарға және Ливан халқына көңіл айтамыз. Түркия террормен күресте Ливанмен ынтымақтастыққа, Ливанның тыныштық, тұрақтылық және Ливан мемлекеті мен халқына қолдаудың жалғасатынын білдірді. Ливан Қызыл Кресті кеше елдің шығысындағы Бекаа алқабында орын алған Әл-Каа ауданына жасалған жанкешті шабуыл нәтижесінде 8 адамның жарақат алғанын жариялаған болатын.

Әл-Каа ауданында дүйсенбі күні азанда 4 жанкештінің өзін жаруымен 5 адам қаза тауып,  15 адам жарақат алған болатын.

Ливан сирия шекарасында орын алған Әл-Каа ауданы маңында Ливан армиясы Сириядан келген қарулы топтармен қақтығысуда.

Аталмыш аймақ өткен жылы да ұқсас қақтығыстарға сахна болған еді.



Ұқсас жаңалықтар