Ердоған Мардинде әскерлермен ауыз ашарда бас қосты

Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына назар аударды.

511136
Ердоған Мардинде әскерлермен ауыз ашарда бас қосты
erdoğan, mardin'de.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған ПКК террор ұйымына қарсы бағытталған операциялардың 11 аудан мен 1 қалада аяқталғанын, бірақ күрестің әлі жалғасқанын атап айтты.

Ердоған Мардиндегі 70-ші Сауытты бригадаға барып, осында міндетін өтеп жатқан әскерлермен ауызашарда бас қосты.

ПКК-ның қанды шабуылдарына қарсы 20 шілде күнінен бастап, аса маңызды операцияларына назар аударған Ердоған енді жұмыстың аяғына жеткендерін білдірді.

Ердоған мектептерді, ғибадатханаларды және жазықсыз адамдардың үйлерін өртеп талан-тараж қылған, жедел құтқару көліктеріне оқ жаудырған, кішкентай қыз балаларды алып қашқан террор ұйымы ПКК-ның қырғынынан қашқан халықтың елді мекендеріне оралуы үшін құрылыс және орналастыру жұмыстарының жылдам орындалатынын білдірді.

ПКК-ның зұлымдығына ұшыраған халықтың көңілінен шығудың маңызды екеніне де назар аударған президент «Оңтүстік шығыс Анадолы аймағында өмір сүрген азаматтарымыз арасында отаны үшін әр нәрсесін пида ете алатын бауырларымыз бар» деді.

Ердоған бір ұлт, бір байрақ, бір отан, бір мемлекет ұғымын осында да қайталады.



Ұқсас жаңалықтар