Ердоған мен Обама телефонмен әңгімелесті

Басшылар Сириядағы соңғы жағдай және ДАИШ-пен ортақ күрес тақырыптарын қолға алды.

493724
Ердоған мен Обама телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Барак Обама телефонмен әңгімелесті.

Шамамен 1 сағатқа 10 минутқа жалғасқан әңгіме барысында Сириядағы қазіргі жағдайды қолға алған Ердоған мен Обама ДАИШ-ті әлсіретіп, жеңіліске ұшырату және Түркия, Еуроодақ пен әртүрлі аймақтарға шабуылдау қабілетін жоюды мақсат еткен ортақ күрестің жеделдігі тақырыбында келісті.

Сирияда атысты тоқтатуды жалғастыруды қамтамасыз ету және уақытша саяси кезеңді жетілдіру тақырыбында халықаралық ынтымақтастықтың маңызына назар аударылған әңгіме барысында араларында ПКК-да бар бүкіл террор ұйымдарымен күрес тақырыптарында ынтымақтастықты күшейтуге шешім қабылданды.

АҚШ президенті Обама НАТО одақтасы Түркияның қауіпсіздігіне мән бергендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар